Кезектен тыс комиссия отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

️ ️ ⚜️2025 жылғы 15 шілде күні Ойыл ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.
🔸️Отырыста жасөспірімдер арасында суицид жағдайларының себептері мен салдары талқыланып, тәуекел топтарына жататын балалармен жүргізілетін профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру жолдары қаралды. Сонымен қатар, мектептер мен колледждерде психологиялық қолдау қызметінің жұмысын күшейту, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, интернет кеңістігіндегі зиянды контенттің алдын алу мәселелері көтерілді.
Комиссия мүшелері нақты ұсыныстар айтып, тиісті мекемелерге тапсырмалар жүктеді. Жиын қорытындысы бойынша жауапты органдарға жүйелі жұмыстар жүргізу, суицидтің алдын алу шараларын пысықтау тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1036098?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді