Бостандықтың қарбызына сұраныс жоғары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

    Бостандық ауылы Жамбыл облысында тәтті әрі шырынды қарбызымен танымал. Құнарлы топырақ пен Таластың суымен суарылған өнімге сұраныс жыл сайын артып келеді. Дегенмен, соңғы жылдары өзен суының азаюы шаруаларға едәуір қиындық тудыруда. Ағын су тапшылығы себебінен кейбір шаруалар бақша жерлерін толық пайдаланудан бас тартып отыр.

     Осындай жағдайда тиімді шешім – су үнемдеу технологияларын қолдану болып отыр. Бұл тәсілді сәтті енгізіп отырғандардың бірі – жаңадан құрылған «Рәтбек» шаруа қожалығы. Қожалық төрағасы Ербол Мейірбеков биыл 32 гектар жерге бақша дақылдарын еккен. Оның ішінде 20 гектар — қарбыз, 10 гектар — картоп, 2 гектар — қызанақ.

    Қазіргі таңда қарбыз жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Алғашқы өнімге Тараз, Шымкент және Алматы қалаларынан сұраныс түсуде. Көтерме бағамен сатылып жатқан Бостандықтың қарбызына тұтынушылар ерекше қызығушылық танытуда.

Қала тұрғыны Аманбек Тұрғынбековтің айтуынша, бала күнінен дәмін ұмытпаған

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1038909?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді