
Жыл сайын жаз мезгілінде балалардың көпқабатты үйлердің терезесінен құлау деректері тіркеледі. Мәселен, 2025 жыл басынан Атырау облысында 6 бала терезеден құлап кеткен (қала – 5, Жылыой ауданы – 1).
Осындай жағдайлардың алдын алу үшін Атырау облысы ТЖД құтқарушылары тұрғын үйлерді аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Рейд барысында олар ата-аналарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, арнайы жадынамалар таратады. Кейбір отбасыларға терезеге арналған қауіпсіздік бекіткіштері де тегін орнатылуда.
Мақсат — балалардың өмірін сақтау.
Құрметті ата-ана!
- Бөлмеде баланы қараусыз қалдырмаңыз;
- Москит торына сенбеңіз — ол баланың салмағын көтере алмайды;
- Терезе маңына орындық, үстел сияқты жиһаз қоймаңыз;
- Терезеге арнайы бекіткіштер мен шектеу құрылғыларын орнатыңыз;
- Балаға терезенің қауіпті екенін түсіндіріңіз.
Егер төтенше жағдай орын алса, дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.
Атырау облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1044224?lang=kk
Жауап қалдыру