
Ақмола бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдықтың қорытындысы шығарылды.
Департамент қызметінің басым бағыты мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.
Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 304 млрд. астам теңге түсті.
Салықтық және кедендік әкімшілендіру аясында қосымша резервтерін анықтау нәтижесінде шамамен 11 млрд. тенге қамтамасыз етілді, оның ішінде осындай бөлімдер бойынша жер қойнауын пайданушыларды әкімшілендіру – 2,4 млрд. теңге, қамералдық бақылау – 5,9 млрд. теңге, салықтық және кедендік тексерулер бойынша – 731 млн. теңге, кедендік әкімшілендіру – 214 млн. теңге, акциздерді әкімшілендіру – 136 млн. тенге, ЕАЭО шеңберінде жанама салықтарды әкімшілендіру – 283 млн. теңге және басқалар. Департамент кедендік бекеттерінде әр түрлі кедендік режимдерде 8 мыңнан астам тауар декларациясы ресімделген, оның ішінде декларациялардың 71 % жасыл дәлізде яғни лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдықта 310 мың мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 99,8 пайызы электронды түрде көрсетілгені атап өткен жөн.
Шараға бейнеконференцбайланыс арқылы аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары қатысты.
Кеңесте жалпыға бірдей декларациялау, салықтық-кедендік әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру, лудомания және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Шараның соңында жақын болашаққа міндеттер айқындалды оның ішінде болжау көрсеткіштерін орындауын қамтамасыз ету және тағы да басқалар.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1044320?lang=kk
Жауап қалдыру