
ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының мамандары журналистермен өткен брифинг барысында бүгінгі күні тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне сәйкес 17 мыңнан астам бақылаудағы нысан есепке алынғанын атап өтті. Оның ішінде 354 нысанға тексеру жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзудың 2179 фактісі анықталды. Басшыларға бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетілген нұсқамалар берілді.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, мемлекеттік өрт бақылауы профилактикалық бақылау түрінде жүзеге асырылады. Жоғары тәуекел дәрежесіне жататын қызмет салалары (нысандар) үшін бақылаудың жүргізілу жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерімен белгіленеді, бірақ жылына бір реттен жиі емес, ал орташа тәуекел дәрежесі үшін екі жылда бір реттен жиі емес.
Жыл сайын 10 желтоқсанға дейін және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейін бақылау және қадағалау органдары уәкілетті органға (құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында) бекітілген жартыжылдық тізімдерді жолдайды, ол жартыжылдық жиынтық тізімді қалыптастырады. ҚР Бас прокуратурасы бұл жиынтық тізімді келесі жылға профилактикалық бақылау жүргізу алдында — жыл сайын 25 желтоқсанға дейін және ағымдағы жылдың 25 мамырына дейін өзінің интернет-ресурсында жариялайды (www.prokuror.kz).
Тексеру басталғанға дейін кемінде отыз күн бұрын тексеру мерзімдері мен тақырыбы көрсетілген хабарлама жолданады.
Тексерулер тексеру парақтарында белгіленген талаптар бойынша жүргізіледі.
Бұзушылықтар анықталған жағдайда жедел әрекет ету шаралары ретінде нысанның қызметін тоқтату қарастырылады.
Нысандарда ШҚО ТЖД мамандары мынадай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады: түтінді жою жүйелерін, өртті автоматты анықтау және сөндіру қондырғыларын, адамдарды эвакуациялау басқару және ескерту жүйелерін жарамды күйде ұстау, эвакуациялық жолдардың жай-күйіне, алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуына, қызмет көрсетуші персоналдың өрт болған жағдайда іс-қимылдарға үйретілуіне, сондай-ақ нысанның электр қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1045953?lang=kk
Жауап қалдыру