
Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы «Bertas KZ» ЖШС өкілдерімен кездесу өткізді. Мақсат – төтенше жағдайлар кезінде халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыру.
Кездесу барысында төтенше жағдайлар кезінде халықты оқытуға арналған оқу-симуляциялық орталықтар, төтенше жағдайлар қызметтеріне арналған мобильді модульдік шешімдер (мобильді госпитальдар, далалық асханалар және т.б.), сондай-ақ Түркияның Султанбейли қаласындағы төтенше жағдайларды үйлестіру орталығы таныстырылды.
Аталған шешімдер төтенше жағдайлар кезінде халық пен құтқарушылардың іс-қимылдарын оқытуда жаңа тәсілдер мен әдістерді енгізуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1045955?lang=kk
Жауап қалдыру