
ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев пилоттық жоба алдымен Ақмола және Павлодар облыстарында жүзеге асатынын атап өтті. Жоба шеңберінде мұқтаж азаматтар, яғни, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар азық-түліктерді «Әлеуметтік әмиян» сервисі арқылы сатып ала алады. Бұл үшін оларға арнайы цифрлық ваучерлер беріледі. Бұл ваучерлердің иелері азық-түлікті сауда үстемесі қосылмаған арзан күйінде сатып ала алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1046136?lang=kk
Жауап қалдыру