«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Алматы қаласы Алмалы ауданы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері есірткі құралдары мен психотроптық заттарды насихаттауға жататын сыртқы жарнамаларды жою бойынша кезекті профилактикалық акция өткізді.
Рейдтік іс-шара барысында инспекторлар ғимараттардың қасбеттеріне, аялдамалар мен басқа да қоғамдық орындарға сызылған граффити мен QR-код түріндегі тыйым салынған ақпаратты анықтап, жедел түрде жойды.
Аталған акцияның негізгі мақсаты – жастардың құқықбұзушылық әрекеттерге тартылуына жол бермеу және қоғамда есірткі насихатына төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру.
Бұл бағыттағы жұмыстар нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күреске арналған Қазақстан Республикасының кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

#законипорядок #заңментәртіп #нетнаркотикам #есірткігежолжоқ #алматы #stopdrugs #nodrugs #

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1046908?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді