Қорғаныс министрлігінің комиссиясы Қарағанды облысындағы әскери бөлімдерді тексерді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым мәселелері жөніндегі орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Қарағанды, Балқаш және Приозерск гарнизондарында кешенді инспекция жүргізді.

Тексеру барысында мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің тұрмыстық жағдайларына, тамақтану сапасына, казармалардың санитарлық жағдайына және медициналық пункттердің жұмысына, сондай-ақ қару-жарақ мен оқ-дәрілерді сақтау орындарындағы өртке қарсы қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Министрдің орынбасары сарбаздармен жеке сөйлесіп, олардың тіршілік жағдайларын, күнделікті қызметтің қалай ұйымдастырылатынын және заттай мүлікпен қамтамасыз ету туралы пікірлерін тыңдады.

Қарағанды гарнизонында комиссия 60 төсектік модульдік казарма құрылысының барысымен танысты, ол 100 орындық заманауи асханамен және монша-кір жуу кешенімен жабдықталады. Одан өзге Талғат Бигелдинов атындағы әскери колледж нысандары тексеріліп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Анықталған кемшіліктерді жою және инфрақұрылымды нормативтік жағдайға келтіру жөнінде де тапсырмалар берілді.

Балқашта оқу жайлары, өрт сөндіру депосы және техникалық аймақ тексерілді. Аумақты абаттандыруға, санитарлық тораптардың жай-күйіне және модульдік казармада тұрмысты ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Қорғаныс министрінің орынбасары 03876 әскери бөлімінің командирі полковник Марат Жалғасбаевтың инфрақұрылымын жақсарту, жарғылық ішкі тәртіпті сақтау және роталық шаруашылық жүргізу бойынша атқарған айтарлықтай жұмысын атап өтті.

Приозерск гарнизонында әкімшілік ғимараттар, казармалар, қоймалар мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері қаралды. Материалдық құралдарды есепке алуды ұйымдастыру, оқ-дәрілерді сақтау тәртібі және қызмет өткеру шарттары бағаланды.

Инспекция қорытындысы бойынша генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров гарнизондар басшылығына анықталған кемшіліктерді жою, әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту және тылдық қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру жөнінде нақты нұсқаулар берді.

Тексеру Қорғаныс министрлігінің жеке құрам үшін лайықты қызмет жағдайларын жасау және әскерлердегі моральдық-психологиялық ахуалды нығайту жөніндегі жүйелі жұмысының бір бөлігі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1046910?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді