
Қазіргі адам қарқынды өмір сүреді. Бүкіл әлемдегі ерлер мен әйелдер фитнес сабақтарын таңдайды.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен бекітілген “Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” жаңа санитариялық қағидалары қолданыста.
Тері және паразиттік аурулардың алдын алу мақсатында осы Санитариялық қағидаларда спорттық-сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар жарияланды.
Спорт мекемелеріне барған кезде тері ауруларының алдын алу үшін жеке гигиенаның ережелерін қатаң сақтау қажет. Жеке сүлгілер мен киімдерді пайдалану, жабдықты дезинфекциялау және ауру адамдармен байланыста болудан аулақ болу аса маңызды.
Бұл санитариялық қағидаларда фитнес залдары кіретін спорттық-сауықтыру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар көрсетілген.
Фитнес залдарына келушілер не нәрсеге назар аударуы керек?
– салон үй-жайларында қолайлы температура, жақсы жарық, тазалық болуы тиіс; – спорт залдарының едендері саңылаусыз, тегіс және тайғақ емес беткейге ие, сабақ басталғанға дейін құрғақ және таза болуы;
– жылыту құрылғылары торлармен немесе қалқандармен жабылуы тиіс.
Сондай-ақ санитариялық қағидаларда келесілер регламенттелген:
– жаттығу сөмкелері, төсеніштер және тасымалданатын спорттық құрал-саймандар сабақтар басталғанға дейін күніне бір рет жуылып және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, дымқыл шүберекпен сүртіледі;
– спорттық-сауықтыру объектілері пәтерлердің тұрғын үй-жайларынан шу мен дыбыс оқшаулау сақталған жағдайда тұрғын ғимараттардың жертөле және жерасты қабаттарында орналастырылады;
– залды әр 2 сағат сайын желдету, ылғалды тазалау;
– жинау мүкәммалы таңбаланады және үй-жайлардың функционалдық мақсаты бойынша қолданылады, бөлінген орында (үй-жайда) сақталады;
– дезинфекциялау үшін технологиялық нұсқаулыққа, дайындаушыны қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдары қолданылады;
– жіті респираторлық аурулар мен ауа-тамшы жолымен берілетін инфекциялар жағдайларын тіркеудің эпидемиялық маусымы кезеңінде спорттық-сауықтыру және мәдени-ойын-сауық объектілерінде жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларда (оның ішінде есік тұтқаларын, қоршаулар мен тұтқаларды, креслолардың қол салғыштары) ылғалды жинау жүргізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1046912?lang=kk
Жауап қалдыру