Тырысқақ: ауруды жұқтырмау үшін не істеу керек

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тырысқақ – бұл асқазан-ішек жолына әсер ететін тырысқақ вибриондары тудыратын қауіпті жедел ішек инфекциясы.  Ауру диарея мен құсу белгілерімен бірге жүреді, бұл уақтылы емделмеген және өзін-өзі емдеген кезде дененің тез сусыздануына әкеледі. Болашақта, тиісті емдеу болмаған жағдайда, ағзаның сусыздануы өлімге әкелуі мүмкін.

Адам тырысқақты ластанған қолдар, тұрмыстық заттар, су және тырысқақ қоздырғышымен ластанған өнімдер, әсіресе термиялық өңдеуден өтпейтін өнімдер (ұлулар, асшаяндар, кептірілген және аздап тұздалған балықтар) арқылы жұқтыруы мүмкін. Вибриондарды шыбындар да тасымалдай алады. Инфекция көзі – ауру адам немесе оны қоршаған ортаға нәжіспен шығаратын вирус тасымалдаушысы (вибрионтасымалдаушы).

Тырысқақ ауруының алдын алу бойынша, әсіресе тырысқақ ауруы жиі тіркелетін елдерге барған кездегі негізгі ұсынымдар:

– ішу үшін бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдалану;

– рұқсат етілген орындарда, су айдындары мен бассейндерде ғана шомылу, суды жұтпау;

– тамақ ішер алдында және тамақ дайындамас бұрын, дәретханаға барғаннан кейін қолды үнемі және мұқият жуу, алкоголь негізіндегі қолды дезинфекциялау құралдарын қолдану;

– толық термиялық өңдеуден өткен тағамдарды жеу. Көше науаларынан тамақтанудан аулақ болу, кездейсоқ саудагерлерден балмұздақ сатып алмау;

– көкөністерді, жемістерді ағынды сумен жуу және мүмкіндігінше қайнаған сумен шаю;

– егер аурудың белгілері анықталса, өзін-өзі емдемей, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1046913?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді