Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің төрағасы Нұржан Қайыпжан азаматтарды жеке қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қабылдау барысында азаматтар жергілікті соттардың сот актілері мен процессуалдық әрекеттерімен келіспеушілік, сот практикасының бірізділігі, сондай-ақ судьялардың тәртіптік жауапкершілігі, оның ішінде Судьялар әдебі кодексінің нормаларын бұзу мәселелерін көтерді.✅

Сот жюриінің төрағасы Жоғары Сот Кеңесі мен Сот жюриінің өкілеттіктері туралы жан-жақты түсініктеме берді. Әсіресе, Сот жюриі сот органы болып табылмайтыны және сот актілерін қайта қарауға құзыреті жоқ екені атап өтілді.⏺

Азаматтарға заңды күшіне енген сот актілеріне шағымдану тәртібі, судьяларға қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау және судьялық әдеп жөніндегі комиссиялар жүргізетін тексерулердің алгоритмі түсіндірілді.❗️

Қабылдаудың соңында Нұржан Қайыпжан Сот жюриі соттардың және судьялардың сот төрелігін жүзеге асыру қызметіне араласпайтынын атап өтті.

ҚР ЖСК Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1046945?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді