Ақмола облысында құрылысшылар марапаттады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрылысшылар күні қарсаңында Көкшетау қаласында осы бір аса маңызды ие мамандық иелеріне арналған салтанатты іс-шара өтті. Шара барысында өңірдің 30-дан астам құрылыс саласы қызметкері мемлекеттік наградалармен, Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Ақмола облысының әкімі құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, өңір экономикасының дамуына қосқан зор үлестерін атап өтті.

«Көп ғасырлар бойы құрылысшы мамандығы ерекше құрмет пен сый-құрметке ие болды. Бүгінде бұл мамандық – ең қажетті әрі сұранысы жоғары салалардың бірі. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында халықтың өмір сүру сапасы жақсарып келеді. Соңғы жылдары облысымызда құрылыс көлемі айтарлықтай артты: жаңа тұрғын үйлер, заманауи әлеуметтік нысандар салынып, инфрақұрылым дамуда. Бұл – сіздердің еңбектеріңіздің, кәсіби шеберліктеріңіздің және ісіне адалдығыңыздың нәтижесі», – деді аймақ басшысы.

Соңғы бір жарым жылда өңірде 29 көппәтерлі тұрғын үй салынып, 1,5 мың кезекте тұрған отбасы баспаналы болды. Жыл соңына дейін тағы 500-ден астам отбасыға арналған 12 үй пайдалануға беріледі.

Реновация бағдарламасы аясында Көкшетау қаласында тұрғын үй қоры жаңартылып, Аршалы, Зеренді, Бурабай және Бұланды аудандарында да жаңа үйлер бой көтеруде. Әлеуметтік инфрақұрылым саласында 2025 жылдың алғашқы алты айында Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі салынып, Көкшетауда бірегей Спорт сарайының құрылысы жүріп жатыр. Облыс орталығында 500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Степногорск қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салына бастады. Сондай-ақ, Көкшетау мен Қосшы қалаларында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында медицина саласында да бірқатар жобалар жүзеге асуда.

Президенттің Бурабай ауданында өткен Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес, өңірде Бурабай кентінде заманауи Конгресс-орталық және Қосшы қаласында 2000 орындық халықаралық IT-колледж жобалары әзірленуде.

Марапатталғандардың арасында «М-АРИАСТРОЙ» ЖШС-нің тас қалаушысы Қайырғали Сералинов бар. Ол «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

«Мен құрылыс саласында 15 жылдан астам еңбек етемін. Бұл мамандық оңай емес, бірақ маған ұнайды. Еңбегімді бағалағандарыңызға рахмет», – деді Қ. Сералинов.

Салтанатты шара аймақ өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/1048342?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді