
Денсаулыққа қамқорлық – қарапайым, бірақ маңызды шешімдерден басталады. АПВ – жатыр мойны обырының алдын алудың тиімді тәсілі.
Вакцинация кімге және қашан ұсынылады?
АПВ қарсы вакцинация ДДСҰ-мен 9-14 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге ұсынылады. Бұл жаста ағза вакцинаға жақсырақ жауап беріп, ең жоғары иммундық әсер қалыптастырады. Қазақстанда вакцинация 11-13 жас аралығында жүргізіледі.
Бұл неге маңызды?
Вакцинация жыныстық белсенділік басталғанға дейін жасалған жағдайда ең тиімді болады, себебі бұл кезде жұқтыру қаупі ең аз.
Вакцина қалай жұмыс істейді?
Вакцина АПВ онкологиялық аурулардың дамуына әкелуі мүмкін ең қауіпті түрлеріне қарсы иммунитетті қалыптастыруға көмектеседі.
Бұл вакцина жатыр мойны обырының дамуына алып келетін инфекциялардан қорғайды.
Вакцинация туралы шешімді кейінге қалдырмаңыз! Бүгін жақындарыңыздың денсаулығына қамқорлық жасаңыз. АПВ қорғану – сіздің болашағыңызды қорғау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1048112?lang=kk
Жауап қалдыру