
Құрметті Целиноград ауданының құрылыс саласы кәсіпорындарының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби төл мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Елімізде тамыз айының әр екінші жексенбісі Құрылысшылар күнін атап өтеді.
Құрылыс саласы – ел экономикасының көрсеткіші. Құрылыс кешені – экономикалық өсудің қозғалтқышы, экономиканың басқа салаларын дамытудың ең маңызды факторы, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырудың негізгі элементі.
Бүгінде елімізде құрылыс саласы бұрын-соңды болмаған қарқынға жетті. Экономикалық, әлеуметтік, мәдени-ағарту нысандары пайдалануға берілді. Құрылысшылар жылдан-жылға қалаларымыз бен ауылдық елді мекендерімізді көркейтіп, тұрғын үй мәселесінің шешілуіне атсалысуда.
Құрылысшы – құрметті мамандық! Елімізде бой көтеріп жатқан әрбір ғимаратта сіздердің алақандарыңыздың ізі, айрықша қолтаңбаларыңыз бар.
Осындай жауапты мамандықты меңгеріп, ел игілігі жолында талмай еңбек етіп жатқан Сіздерге бүгінгідей мерейлі сәтте дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ортаймас бақ пен ырыс тілейміз! Қажырлы еңбектеріңіз әрқашан табысты болсын!
Ізгі ниетпен, Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1048410?lang=kk
Жауап қалдыру