Жібек жолы ауданы Түрксіб алабы тұрғындарына ауыз су беру мәселесі қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жібек жолы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Н. Олжабаев, “Жамбыл-су” мекемесі, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары бөлімі және Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен Түрксіб алабындағы ауыз су жүйесін Жамбыл ауданы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің теңгерімінен Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің теңгеріміне беру мәселесі бойынша кездесу өтті.
Анықталған кемшіліктер бойынша акт жасалынып, Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне берілді.
Алдағы уақытта ауыз су мұнарасынан сынамалар алынып, талдау жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесіне сәйкес, суды тұрғындарға беру бойынша шешім қабылданатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhibekzholy/press/news/details/1049204?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді