
А.ж. шілде айында ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті ТҚО бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан облысы Полиция, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесе Арыс қалалық және Бәйдібек, Мақтаарал, Жетісай, Шардара, Ордабасы аудандық жедел штабтарының терроризмге қарсы ден қою әрекеттерін кенеттен бағалау мақсатында оқу тәжірибелер өткізілді.
Оқу тәжірибелердің мақсаты – террористік сипаттағы қылмыстың жасалуын имитациялау арқылы, олардың жолын кесуге жедел штабтардың күштері мен құралдарының дайындығын кенеттен тексеру болып табылады.
Оқу тәжірибелері барысында қалалық/аудандық жедел штабтардың мүшелері, топ басшылары мен жеке құрамы және арнайы техникалары жұмылдырылды. Құзырлы органдардың терроризм актісінің алдын-алу және оның салдарын жою кезіндегі өзара іс-әрекеттері бағаланды.
Оқу тәжірибелер қорытындысы бойынша, анықталған кемшіліктерге қатысты талдау жүргізіліп, тиісті тапсырмалар берілді.
Материал терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Түркістан облыстық жедел штабының ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1050038?lang=kk
Жауап қалдыру