
12 тамыз – Халықаралық жастар күні мерекесіне орай Сарыағаш ауданының белсенді жастарының қатысуымен “Жастармен бірге жарқыра” атты мерекелік кеш өтті.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Қозыбаев Алдияр Хайбілдаұлы сөз алып:
«Ауданымызда халық санының 30 пайызын жалынды, жігерлі жастар құрайды. Жастық шақ – жігердің, ізденістің, арман мен мақсаттың алтын кезеңі. Ал Сарыағаш жастары – білімді, еңбекқор, отаншыл, жаңаға ұмтылғыш ұрпақ ретінде баршаға үлгі. Сіздердің тың идеяларыңыз, қайсар қадамдарыңыз, туған жерге деген махаббаттарыңыз – ауданымыздың дамуына серпін беріп, болашағын жарқын етеді» – деді. Сондай-ақ, түрлі саладағы белсенді жастарды аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттап, сыйлықтар табыстады.
Марапатталған жастар:
- Бейсенқұл Елнұр – №4 мамандандырылған мектеп-интернатының түлегі, ҰБТ-ден ең жоғары нәтиже – 138 балл иегері
- Эргашов Тохиржон Зохиджонұлы – жас аспазшы, кәсіпкер
- Жаңабай Ерсұлтан Сейітмұратұлы – ағаш ұстасы, ұлттық бұйымдар шебері
- Сарыбаев Ерлан Жарқынбайұлы – мәдениет үйінің еңбек қауіпсіздігі инженері
- Тоқтарбай Асылзада – облыстық «Ауыл фест» байқауының жеңімпазы, ұлттық сүт тағамдарының шебері
- Тәгаймұратов Нұрбек Бахтиярұлы – облыстық интеллектуалды ойындардың жүлдегері, “Конина Power” командасының мүшесі
- Қобланбек Нұрбахыт Мұратұлы – «Жас еңбек адамы-2025» облыстық байқауының бас жүлде иегері, шино монтажшы
- Елемесов Серғазы Әбубәкірұлы – №12 кәсіптік колледж директорының орынбасары
- Ағабек Атабек Бахтиярұлы – математика пәні мұғалімі, жайдарманнан аудан әкімінің кубогы иегері, «36» жайдарман тобының жетекшісі
- Оңғарова Айгерім Оразбайқызы – блогер, қоғам белсендісі
- Тұрғынбай Әсем Асанқызы – үздік жастар ісі жөніндегі инспектор
- Тоғызбаева Айгүл Аркенқызы – Абай оқулары облыстық байқауының жеңімпазы, жас кітапханашы
- Исахов Дастан Медеуұлы – жас тракторшы
Марапаттау рәсімінен кейін жастарға қатысты танымдық викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге естелік блокноттар табысталды.
Мереке аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, отшашу мен жас таланттар көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1050499?lang=kk
Жауап қалдыру