А.ж. 15 тамыз күні Қарағанды облысы, Ботақара ауылында «Ю.Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде» коммуналдық мемелекеттік мекемесінде (Энергетиков көшесі 7-ғимарат) және ЖШС КОФ Казахавтодор ДЭУ-45 (достык көшесі 1 ғимарат жағдайында), терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізілу жоспарлануда.
Аталған объектілер айналасында шектеу шаралары қарастырылған.
Осыған орай, аудан тұрғындарын түсіністікпен қарауға, сабырлық сақтауға, үрейге бой алдырмауға және шараға қатысатын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, ресми БАҚ ақпараттарына ғана сенуге және жалған ақпараттың таралуына жол бермеулеріңізге шақырамыз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Қарағанды облыстық жедел штабы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1050806?lang=kk
Жауап қалдыру