КЕЗЕКТЕН ТЫС 35 СЕССИЯ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

14 тамыз күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 35 сессиясы өткізілді. Жиынға мәслихат төрағасы Мұрат Өскенбайұлы Тұрабаев төрағалық етті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары А.Алдабергенов, аудандық мәслихат депутаттары, мәслихат аппараты, сондай-ақ кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. «Шиелі кенті және Ақтоған, Алмалы, Бәйгеқұм, Бестам, Еңбекші, Жаңатұрмыс, Жиделіарық, Жөлек, Жуантөбе, Иіркөл, Қарғалы, Қоғалы, Майлытоғай, Ортақшыл, Сұлутөбе, Талаптан, Тартоғай, Тұран ауылдық округтерінің  2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы»  шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.

        Аталған мәселелер сессияға дейін өткен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында жан-жақты талқыланып, тиісті ұсыныстар әзірленген болатын. Сессия барысында депутаттар бұл ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, қажетті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shieli/press/news/details/1051595?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді