⚜️«АУЫЛЫМ АРЫС ЖАҒАСЫНДА» – ӘУЕЛЕГЕН ӘННІҢ, САЛТАНАТ ПЕН СӘННІҢ ФЕСТИВАЛІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
⚜️Бүгін аудан орталығы Темірланда «Ауылым арыс жағасында» атты кезекті аумақаралық өнер мен көрме байқауы өтті. Бүгінгі сайыста Бадам және Бөржар ауыл округтері бақ сынасты.
⚜️Фестиваль бағдарлама бойынша «Этно ауыл» демалыс аймағында ауылдар ұсынған ауқымды көрмемен басталып, «Шәмші» аллеясындағы консерттік шарамен жалғасты. Қазақ вальсінің падишасы, біртуар композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орайластыра ұйымдастырылған керемет кеште Шәмші әндері ерекше леппен әуеледі.
⚜️Іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз ашып, зиялы қауым өкілдері және аудан азаматтары тамашалап, ой-пікірлерін білдіріп, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.
⚜️Шара қорытындысында қазылар алқасының шешімімен Бадам ауыл округінің өнер ұжымы жеңіске жетіп, финалға өтті.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1052161?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді