
Бұл күн теңіз иісін, жаздың соңғы демін, достық пен бірліктің ыстық лебін біріктірді.Шараға 70-тен аса жас қатысып, 9 сағат бойы бір-бірімен танысып, жаңа достар тауып, командалық рухты сезінді.
Бағдарлама мазмұны:
• Қызықты тимбилдинг ойындары — топтық жарыстар, сенімділік пен бірлікті арттыратын тапсырмалар;
• Ән мен би — сахнада жас таланттардың өнер көрсетуі, көңіл-күйді көтерген әуендер;
• Концерттік бағдарлама — әр түрлі бағыттағы өнерпаздардың керемет нөмірлері;
• Ашық аспан астындағы фильм — жылы самал мен теңіз дыбысы аясындағы романтика;
• Түрлі-түсті Holi Party — бояулар шашылып, эмоция толқыны асқақтаған сәттер.
ZHAS FEST-2025 — бұл жай ғана іс-шара емес, бұл — жас буынның бірлігін, шығармашылығын және қуатын айшықтаған нағыз мереке.
Баршаңызды 12 тамыз – Халықаралық жастар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
#ZHASFEST2025
#ХалықаралықЖастарКүні
#ЖастарменБірге
#АқтауЖастары
#NEETжастар
#ТеңізЖағалауында
#Голубаялагуна

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1049837?lang=kk
Жауап қалдыру