АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОНКҮНДІК ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен “Оқырман іздейміз” жобасы бойынша саябақта “Абай әлемі – руханият бұлағы” атты поэтикалық кеш өтті.
 
🔹Іс-шараның басты мақсаты – ұлы ақынның өнегелі мұрасын насихаттау, өлеңдері мен әндерінің терең мәнін жас ұрпақтың санасына сіңіру.
 
🔹Кешке қатысқан қала тұрғындары мен жас оқырмандар Абайдың мәңгілік мұрасы саналатын өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп оқып, халық сүйіп тыңдайтын әндерін шырқады.
 
🔹Кеш барысында көрермендер назарына сахналық қойылым ретінде Абай бейнесі ұсынылып, ол халық арасына шығып, өлеңдерін оқып ерекше әсер қалдырды.
 
🔹Оқырмандар арасында Абай шығармашылығына қатысты әдеби викториналар ұйымдастырылып, қатысушылар өлең жолдарын жалғастыру, қара сөздерден үзінді айту және тақырыпқа сай логикалық ойындарға қатысты. Белсенді қатысушыларға шара соңында естелік сыйлықтар табысталды.
 
🔹Жиналған жұрт сахнадағы Абай бейнесімен естелік суретке түсіп, шарадан рухани шабыт пен көтеріңкі көңіл күймен тарасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1048653?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді