
«ҰЛЫ АҚЫНҒА – ҰРПАҚ ТАҒЗЫМЫ»
Бүгін Төлеби ауданында қазақтың ұлы ойшылы, ақын, кемеңгер тұлға – Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған тағылымды іс-шара өтті.
Мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мен аудандық кітапхана ұйымдастырған мереке Ленгер қаласындағы Абай аллеясында гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды.
Салтанатты жиынға: Төлеби аудандық мәслихатының төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әуесбек Әсілбек, “AMANAT” партиясының атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаров, ардагерлер кеңесінің төрағалары Әтірхан Шыңғысбаев пен Ордабек Абдукаимов,
зиялы қауым өкілдері мен аудан жастары қатысты.
Абай – қазақтың бағына біткен асыл тұлға. Оның әрбір сөзі – рухты көтерер асқақ үн, әрбір өлеңі – ұрпақ санасына сәуле шашар мәңгілік мұра.
Мерекелік шарада ауданның түкпір-түкпірінен келген өнерлі жастар мен кітапхана қызметкерлері ұлы ақынның жырларын оқып, әндерін орындап, Абай рухын асқақтатты. Дарынды өнерпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталып, көрермендер ыстық ықыласын білдірді.
“Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған” – деп өзі айтқандай, Абайдың есімі мен мұрасы халық жадында мәңгілікке сақталады.
©Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1048605?lang=kk

Жауап қалдыру