
Биылғы оқу жылына 285 білім беру гранты қарастырылған. Бұл – республикалық грант конкурсында өте алмаған талапкерлер үшін жоғары білім алуға екінші мүмкіндік!
7–8 тамыз күндері жоғары оқу орындарының арасында конкурс өткізіледі. Конкурс қорытындысы 5 жұмыс күні ішінде анықталатын болады. Нәтижесінде:
– Кадрларды даярлауды жүзеге асыратын ЖОО-лар тізімі;
– Білім беру бағдарламалары,
– Әр бағдарлама бойынша грант саны нақты айқындалады.
Комиссия шешімі шыққан соң, барлық ақпарат ресми парақшаларда жарияланады. Талапкерлер тиісті жоғары оқу орындарына құжаттарын тапсырып, жергілікті (әкімдік) грант конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/1047523?lang=kk
Жауап қалдыру