
Елордадағы №9 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Наурыз мейрамын тойлауға арналған мәдени-этнографиялық іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара «Ата салтым – асыл қазынам» байқауы аясында өтті.
«Біздің міндетіміз – халқымыздың дәстүрі мен әдет-ғұрпын кеңінен насихаттау. Тұсаукесер сияқты көне салттың куәсі болдық. Тілек білдірушілер қазақтың ұлттық жарыстары – тоғызқұмалақ, асық ату, садақ ату ойындарында бақ сынады. Сондай-ақ, армрестлингтен сайысқа түсуге мүмкіндік туды. Сол сияқты нағыз тірі бүркітті де көруге болады», – дейді №9 жасөспірімдер спорт мектебінің жетекшісі Азамат Ағзамов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/955713

Жауап қалдыру