Біржан сал ауданының прокурорының «ПО «Көкше-Цемент» ЖШС цемент зауытына сапары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылғы 15 тамызда Біржан сал ауданының прокуроры Ануар Құлышев Заозерный ауылында орналасқан «ПО «Көкше-Цемент» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесуді өткізді.

Іс-шара «Заң мен Тәртіп» идеологиясы және Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтарының жылы» аясында өтті.

Объектіні аралау барысында жергілікті қадағалау органының басшысы цемент зауытының қызметі мен жабдықталуымен, оның өндірілетін қуатымен танысты.

Негізгі отырыстар барысында прокурор «жұмысшы мамандықты» жүзеге асыру арқылы еліміздің экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін ұжымға алғыс білдіріп, Қазақстандағы цемент шығаратын ірі өндірушілердің бірі болып саналатын зауыттың инвестициялық маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, жиналғандарға еңбек заңнамасының негізгі талаптары, жұмыс беруші мен қызметкерлердің негізгі құқықтары мен міндеттері, олардың құқықтарын қорғау әдістері мен нысандары түсіндірілді.

Құқық бұзушылық профилактикасы аясында қазіргі заманғы зиянды құбылыстар – есірткінің таралуы, «лудомания» және интернет-алаяқтық туралы жеткізіліп, жиналғандарға прокуратураның байланыс деректері бар профилактикалық брошюралар таратылды.

Өз кезегінде, қадағалау органымен «ПО «Көкше-Цемент» ЖШС зауытының жұмысшыларына ағымдағы жылдың шілде айына тиесілі жалақы мен өзге де міндетті төлемдер 151 миллион теңгеден астам сомаға төленбегені анықталды.

Осыған орай, Біржан сал ауданының прокуроры зауыт директорына Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына жол берілмейтіні туралы түсіндіріп, прокурорлық ден қою актісін жеке табыстады.

Нәтижесінде сол күні зауыт ұжымына тиесілі барлық берешек сома төленіп, 523 қызметкердің конституциялық құқықтары қорғалды.

Еңбек құқығын қорғау және қамтамасыз ету аудан прокуратурасының ерекше назарында.

 

Ақмола облысынң прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1053402?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді