🔶Қоғамдағы құмар ойын тәуелділігі – басты назарда.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔶Қоғамдағы құмар ойын тәуелділігі – басты назарда.

2025 жылғы 20 тамызда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде профилактикалық жұмыс аясында Лудаманияны алдын алуға бағытталған іс-шара өткізілді.

Іс-шараға “Елу жылда — Ел жаңа” қоғамдық бірлестігінің басшысы, ұйымдастырушы Сүйімқұл Шарапат Батырбекқызы және М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің “Әлеуметтік психология” кафедрасының қауымдастырылған профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Турдалиева Шолпан Тұрсұмбайқызы қатысты.

Шара барысында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі — құмар ойындарға тәуелділік (лудомания) талқыланды. Қатысушыларға бұл дерттің пайда болу себептері, оның алдын алу жолдары және психологиялық әсері туралы кеңінен ақпарат берілді.

Сондай-ақ қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға толық әрі мазмұнды жауаптар алды.

Іс-шара соңында белсенділік танытқан қызметкерлерге Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, ұлы ойшылдың қара сөздері жазылған кітаптар сыйға тартылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/press/news/details/1054308?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді