

«Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағында тағы бір ірі жоба іске асуда – Орталық Азияда теңдесі жоқ, жүгеріні қалдықсыз терең өңдейтін зауыттың құрылысы басталды. Құны 420 млрд теңгені құрайтын бұл өндіріс жылына шамамен 3 млн тонна жүгері өңдеуге қауқарлы.
Құрылыс кезеңінде 6 мыңға жуық адам еңбек етсе, зауыт толық іске қосылғанда 1 500 тұрақты жұмыс орны ашылады. Жұмысшылардың 90%-ын қазақстандықтар құрайды, қалғаны – шетелдік мамандар. Инвесторлар бес жыл ішінде жергілікті кадрларды Қытайда оқытып, біліктілігін арттыруды көздеп отыр.
Жоба толық қуатына жетпей тұрып-ақ, биыл жергілікті шаруалардан 300 мың тонна жүгері сатып алу басталады. Бұл офтейк-келісімшарттар арқылы тұрақты шикізат қорын қалыптастырумен қатар, фермерлер үшін өнім өткізу нарығын кеңейтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-khantau/press/news/details/1054478?lang=kk
Жауап қалдыру