Ақтөбеде полицейлер мектеп автобустарын тексерді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балаларды мектепке тасымалдау кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында Ақтөбе қаласында полицейлер мектеп автобустарын тексеруді жүзеге асырды.

Барлығы 57 мектеп автобусы тексерілді. Тексеру барысында мамандар балаларды тасымалдайтын әрбір көлік құралының техникалық жай-күйін, барлық талаптарға сәйкестігін, техникалық байқаудан өткені туралы мәліметтерді мұқият тексерді. Өрт сөндіргіш, алғашқы көмек қобдишасы және апаттық тоқтату белгісінің болуы да қадағаланды.

Полиция қызметкерлері шара барысында мектеп автобустарының жүргізушілерінің сапалық құрамына, олардың рульде қаншалықты тәртіпті екендігіне және тиісті санаттарының, құжаттарының болуына ерекше назар назар аударып, олармен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау туралы нұсқамалар өткізді.

— Мектеп автобустарына қойылатын бірқатар талаптар бар және көлік құралдары соған сәйкес болуы тиіс. Мысалы, мектеп автобустарында “Балаларды тасымалдау” белгісінің болуы да міндетті. Балаларды тасымалдайтын көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен талаптарға сәйкестігі қатаң қадағаланады, – дейді Ақтөбе қаласы ПБ бастығының орынбасары Мирхан Есенжолов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1054667?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді