Ақтауда кәсіпкерлерге санитарлық тазалық бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«Таза Ақтау» экологиялық жобасы аясында Ақтау қаласының әкімдігі мен қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бірлесіп кезекті рейдтік шара өткізді. Шараның басты мақсаты – қаланың санитарлық талаптарын сақтау мен абаттандыру ережелерінің орындалуын бақылау.

Мониторинг барысында санитарлық тазалық пен абаттандыру қағидаларын бұзған кәсіпкерлік нысандары анықталды. Тиісті құқықбұзушылықтар бойынша бірқатар кәсіп иелеріне әкімшілік хаттамалар толтырылып, заң аясында шаралар қабылданды.

– Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Қала аумағын таза ұстау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Осы бағыттағы жұмыстар «Таза Ақтау» жобасы аясында жүйелі түрде жалғасатын болады. Кәсіп иелерін санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз, – деді Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің инспекторы Дәурен Сұлтанғали.

Айта кетейік, бұл шара қала келбетіне кері әсер ететін құқықбұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында қолға алынған.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1055643?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді