
2026 жылы Қазақстанның Энергетикалық және коммуналдық секторларын жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жалпы сомасы шамамен 1 трлн теңгеге инвестициялар тарту жоспарланған. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев мәлімдеді.
Оның мәліметіне сәйкес, 9 723 шақырым желіні жөндеп, 46 272 бірлік жабдықты ауыстыру жоспарлануда.
«Қаржыландыру, 2025 жылдағыдай, тариф, бюджет, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын қоса алғанда, нарықтық көздер есебінен қамтамасыз етілмек», – деп нақтылады спикер.
Тимур Қосымбаев ұлттық жоба аясында отандық тауар өндірушілерді дамытуға және сатып алудағы елішілік қамту үлесін арттыруға ерекше көңіл бөлінетінін айтты.
Тауар позициялары мен EPC-мердігерлерге ауқымды талдау жүргізілді. Жалпы сомасы 2,2 трлн теңгеге 2 786 тауар позициясы анықталды. Өңірлер және лицензиялар бойынша 669 EPC-мердігер анықталды. Осы қажеттілікті жабатын 220 отандық тауар өндірушілердің пулы құрылды. Сонымен қатар спикер атап өткендей, Ұлттық жобаны тиімді іске асырудың негізгі құралы цифрландыру болып табылады. Цифрландыру аясында екі негізгі бағыт іске асырылып жатыр.
«Біріншісі – жобаларды іріктеуді, қаржыландыру көздерін айқындауды және тарифтерді алдын ала бекітуді, ЕРС-мердігерлерді таңдау үшін екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді, ақпараттық жүйелермен интеграциялауды, оффтейк-келісімшарттар жасасуды, сондай-ақ отандық тауарлардың қолданылуын бақылауды қоса алғанда, жобаларды дайындау және іске асыру кезеңдерінің мониторингін қамтитын ұлттық жобаны сатып алудың электрондық платформасы», – деді комитет төрағасы.
Оның айтуынша, электрондық платформаның барлық модулі бойынша ереже жобалары әзірленіп, бизнес-процестер, интерфейс дизайны және бағдарламалық жасақтамаға қойылатын талаптар қалыптасуда.
Сұрақтардың екінші бөлігі «SMART TURMYS» ақпараттық жүйесінің дамуымен байланысты. Оған абоненттер мен жылжымайтын мүлік объектілерінің бірыңғай базасы, коммуналдық төлемдерді есепке алу, eGov мobile арқылы есептегіштердің көрсеткіштерін жинау, азамат пен көрсетілетін қызметті берушінің жеке кабинеті кіреді. Сондай-ақ iQala және Е-ПИК интеграциясы қарастырылған.
«Бұдан бөлек, Ұлттық жобаны іске асыру барысында реттелетін коммуналдық төлемдерді ұлғайту кезінде халықтың осал топтарын қолдау мәселелері көзделген. Халықтың табыс деңгейіне байланысты көзделген шығындар шегін 5-10% төңірегінде бекіту көзделген, бұл мемлекеттік қолдау алатындар санын ұлғайтады. Сонымен қатар тарифтің өсуі әр өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып теңдестіріледі», – деп қорытындылады Тимур Қосымбаев.
Дереккөз: https://ortcom.kz/kk/novosti/1756118269.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/press/news/details/1056508?lang=kk
Жауап қалдыру