Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысына дайындық

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Федоров ауданында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» мәселесін зерделеу мақсатында Федоров аудандық мәслихаты депутаттарының жұмыс тобы 18 наурызда Новошумное ауылының спорт нысандарында болды: хоккей корты, жалпы білім беретін мектептің спорт залы және ауыл әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан спорт залы.

Хоккей корты 1986 жылы салынған. Бұл аудандағы жалғыз жабық хоккей корты. Спорт нысанында төрт жылы киім ауыстыратын бөлме және мүкәммал сақталатын бөлме бар. 1988 жылы Новошумное ауылына Олимпиада чемпиондары Александр Мальцев, Владимир Петров, Александр Якушев келіп, Федоров ауданының хоккей командасымен жолдастық кездесу өткізді. Кеңес хоккейінің аңыздары корттың қабырғаларында бүгінгі күнге дейін сақталған қолтаңбаларын қалдырған.

Қазіргі уақытта корттың хоккей қорабын ауыстыру және киім ауыстыратын бөлмелерде ағымдағы жөндеу қажет. АБЖСМ басшысының ақпараты бойынша хоккей қорабын ауыстыруға бюджеттік өтінім Қостанай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына жіберілді, ал киім ауыстыратын бөлмелерді ағымдағы жөндеуге ақаулық актісі мен сметалық есепті жасау жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-fedorov/press/news/details/959804?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді