Бокстан Ливерпуль қаласындағы әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектер жалғасып жатыр.
Ең жеңіл салмақтағы, 50 келіде сынға түскен Санжар Тәшкенбай финалдық бәсекеде Моңғолия спортшысы Алдархишиг Баттулгамен жұдырық түйістірді. Отандасымыз жекпе-жекте көз ілеспес жылдамдықпен қимылдап, қарсыласын тас-талқан етті. Есеп: 5:0.
Бұған дейін Санжар Тәшкенбай 2023 жылы Ташкент төрінде ұлттық құрама сапындағы ең жас әлем чемпионы (19 жас) атанған болатын.
Санжар Тәшкенбайдың жарыстағы жолы:
✅1/8 финал. 🇯🇴Хузейфа Ишиш (Иордания) – 3:2
✅1/4 финал. 🇮🇳Жадумани Сингх – 4:0
✅1/2 финал. 🇨🇺Алехандро Кларо – 4:1
Осы салмақта әлем чемпионатының жүлдесі кімге бұйырған?
🥈1995 жыл. Болат Жұмаділов (51 келі)
🥉1997 жыл. Болат Жұмаділов (51 келі)
🥇1999 жыл. Болат Жұмаділов (51 келі)
🥉2005 жыл. Біржан Жақыпов (48 келі)
🥉2005 жыл. Мират Сәрсембаев (51 келі)
🥇2013 жыл. Біржан Жақыпов (49 келі)
🥉2017 жыл. Жомарт Ержан (49 келі)
🥉2019 жыл. Сәкен Бибосынов (52 келі)
🥇2021 жыл. Теміртас Жүсіпов (48 келі)
🥇2021 жыл. Сәкен Бибосынов (51 келі)
🥇2023 жыл. Санжар Тәшкенбай (48 келі)
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1067344?lang=kk
Жауап қалдыру