Қызылорда ашық университетінде Қызылорда облысы Әділет департаментінің бастамасымен «Заң клиникасының» ашылу салтанаты өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 19 қыркүйегінде Қызылорда ашық университетінде Қызылорда облысы Әділет департаментінің бастамасымен «Заң клиникасының» ашылу салтанаты өткізілді. Шараға Әділет департаменті қызметкерлері, облыстық телеарна өкілдері, құқық қорғау органдарының мамандары, нотариустар, адвокаттар, сот орындаушылары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты. Салтанатты жиын аясында Қызылорда облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Ұ. Оразгелді мен Қызылорда ашық университетінің проректоры Б. Әбдікаримов бірлескен қызметті жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат заң клиникасының алдағы жұмысына серпін беріп, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған ортақ іс-шаралардың бастамасы болды. Іс-шараның негізгі мақсаты – университет қабырғасында алған теориялық білімін тәжірибемен ұштастыра алатын студенттер үшін қолайлы орта қалыптастыру және азаматтарға тегін заң көмегін алу мүмкіндігін ұсыну. Жобаның жүзеге асырылуы халықтың құқықтық мәдениетін көтеріп, заң саласындағы білікті кеңестер мен қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған. Сонымен қатар шара барысында қаржылық сауаттылықты арттыру және қандай да бір қаржылық алаяқтыққа жоламау туралы түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1071429?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді