САУРАН АУДАНЫНДА “WORLD CLEANUP DAY” АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
✔️“World Cleanup Day” халықаралық экологиялық акциясы аясында Сауран ауданының Оранғай ауылдық округінде, Қарашық өзені бойында тазалық шарасы ұйымдастырылды.
✔️Аталған іс-шараға аудан әкімі қатысып, сөз сөйлеп, табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, тұрғындарды тазалық жұмыстарына белсенді қатысуға шақырды.
✔️Тазалық акциясына ауылдық округ тұрғындары, аудандық дербес бөлімдердің қызметкерлері мен мекеме ұжымдары тартылды. Шараға барлығы 1500-ге жуық адам қатысып, 26 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 87 тонна қоқыс шығарылды.
✔️Бұл акция аудан аумағында экологиялық мәдениетті арттыруға, табиғатқа жанашырлық танытуға және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін күшейтуге бағытталды.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1075651?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді