📚 АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫ БОЙЫНША АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ІІ-АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

🔹2025 жылдың 8–10 қазан күндері аралығында ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау, сондай-ақ олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануын қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық ІІ кезеңі өз жұмысын бастады.
Биыл аталмыш дода үшінші жыл қатарынан ауыл мектептерінің 9–11(12) сынып оқушылары арасында өткізіліп отыр.
🔹 І мектепішілік іріктеу кезеңіне 426 оқушы қатысуға өтініш білдіріп, олардың ішінен 349 оқушы аудандық кезеңге өтті.
 🔹 Олимпиаданың алғашқы күні – 8 қазан күні химия, математика, информатика, физика және географияпәндері бойынша 99 оқушы бақ сынады.
💻 ІІ (аудандық) кезең №1 жалпы орта білім беретін мектеп базасында «1 парта – 1 қатысушы – 1 компьютер» қағидасы бойынша, ашықтық пен академиялық адалдық принциптерін сақтай отырып,
онлайн форматта өткізілді. 💻
📊 Пәндер бойынша қатысушылар саны:
Химия – 13 оқушы
Математика – 23 оқушы
Информатика – 14 оқушы
Физика – 20 оқушы
География – 29 оқушы
Ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету мақсатында ата-аналар комитетінің мүшелері бақылаушы ретінде қатыстырылды. Сонымен қатар олимпиада барысы бейнебақылау жүйесімен қамтылып, онлайн режимінде бақыланды.

Әдіскер: А. К. Баймуханова

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-akzhaik/press/news/details/1083818?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді