ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XXXIV СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XXXIV СЕССИЯСЫ ӨТТІ
 
 Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясы өтті.
▫️ Қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы төрағалық етіп ашып, жүргізді. Сессияға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, мәслихат депутаттары, қала әкімдігінің бөлім басшылары мен жауапты қызмет басшылары қатысты.
▫️ Жиында қала аппаратының басшысы Қуаныш Нұржанұлы және Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайрат Маханбетович Бердіқұлов сөз сөйлеп, күн тәртібіндегі мәселелерге түсіндірме берді.
Сессия барысында келесі мәселелер қаралды⤵️
⏺️ 2023 жылғы 30 наурыздағы №1/4–VІІІ шешімге сәйкес мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру және төрағаларын сайлау туралы шешімге өзгерістер енгізу;
⏺️ Түркістан қаласы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру;
▫️Сессия қорытындысымен тиісті шешімдер қабылданып, ұсыныстар бір ауыздан қолдау тапты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-city/press/news/details/1096280?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді