Фаина Мейірманова – Сурдлимпиада рекордын орнатып, чемпион атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Сурдлимпиадада  жеңіл атлетикадан ұлттық құрама спортшылары ұзындыққа, биіктікке секіру және әр түрлі дистанцияға жүгіруден сынға түсіп жатыр. 

Қазақстандық Фаина Мейірманова биіктікке секіруден 1.79 м нәтиже көрсетіп, Сурдлимпиаданың рекордын жаңартып,  чемпионы атанды.  Күміс жүлдені 1.76 м нәтижесімен бейтарап спортшы Суравец Анна иеленсе, қола жүлдені 1.67 м нәтижесімен словакиялық Глонарик Лейа еншіледі.

Мейірманова Фаина – жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2024 жылы Тайбэйде (Тайвань) өткен әлем чемпионатында биіктікке секіруден 176 см нәтижесін көрсетіп, 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлемдік рекордты орнатқан. 2024 жылғы Азия-Тынық мұхиты ойындарының ұзындыққа секіруден чемпионы атанды. Фаинаның жасы 19-да, ол Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Спортпен 7 жылға жуық айналысады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1106527?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді