
Мәслихат ақпараты
Бүгін Қорғалжын ауданы әкімдігі залында Қорғалжын ауданының Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы болды. Отырыста төмендегі мәселелер қаралды:
- Қоғамдық Кеңестің төрағасын сайлау туралы.
- Қоғамдық Кеңестің төралқа мүшелерін сайлау туралы.
- Қоғамдық кеңестің комиссияларын сайлау туралы.
- Қоғамдық Кеңестің Ережесін бекіту туралы.
- 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту.
Отырысқа Қорғалжын аудандық мәслихатының төрағасы Рыспаев Берік Оралбайұлы қатысып, жаңа құрамды құттықтап, істеріне сәттілік тіледі.
Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысын ҚК-ті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысы Аужанов Амангелді ашып, жүргізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-korgal/press/news/details/961999?lang=kk

Жауап қалдыру