Ауданның әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бақылау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жұмыс сапары аясында қала әкімінің орынбасары Абзал Нукенов тиісті басқармалармен бірлесіп ауданның әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын аралап шықты.

Аралау барысында Огарев көшесі бойында 190 орындық балабақша және 158 орындық даму мен шығармашылық орталығын салу жобасы қаралды. Нысанды қарау қорытындысы бойынша Құрылыс басқармасына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу қарқынын жеделдету тапсырылды.

Сондай-ақ Жас Қанат шағынауданындағы 280 орындық балабақшаның аяқталмаған құрылысы қаралды. Қазіргі уақытта Құрылыс басқармасы тарапынан техникалық тексеру жүргізілуде. Тиісті қорытынды алынғаннан кейін құрылыс жұмыстарын әрі қарай аяқтау жөнінде шешім қабылданатын болады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/1150813?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді