
Кентау қаласында «Қалалық руханият орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айына орай «Батаменен ел көгерер» атты қалалық бата беру сайысы өтті.
Рамазан айына орай және Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесіне арналған сайыста бата беру дәстүрін дәріптеу, аталы сөздердің қадір-қасиетін, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, мақсатында ұйымдастырылған игі шараға 10-ға жуық үміткер қатысты.
«Батаменен ел көгерер» бата беру сайысына 60-80 жас аралығындағы қала және оған қарасты ауылдардан келген елағалары сынға түсті.
Ескірмеген салттың бірі – бата беру. Қазақ бала кезінен ұрпағын үлкеннің алдын кесіп өтпеуге, тек ақ батасын алуға тәрбиелеген. Өйткені батаның адам өміріне тигізер әсері зор болғаны тарихтан белгілі.
Сайыстың қорытындысы бойынша 1 -ші орынды Байылдыр ауылы ақсақалдар алқасы төрағасы Қанай Әбілде қария жеңіп алса, 2-ші орынды Хантағы ауылы ардагері Ыбырай Кенжебаев, 3- ші орынды Ащысай ауылынан келген ардагер Мутәлі Дуйсенбаев ақсақал иеленді. Жеңімпаздар мен сайысқа қатысушылар арнайы сыйлықтар табысталып, дипломдармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/962561?lang=kk

Жауап қалдыру