ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ТУРИСТІК АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿 Бүгін Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Біркөлік және Ақмешіт шатқалдарына әзірленіп жатқан егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша жиын өтті. Маңызды кездесуге Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов және Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қуаныш Асанов қатысты.
 
✅ Жиын барысында шатқал аумақтарын кешенді дамыту, туристік әлеуетін арттыру, инфрақұрылымды кезең-кезеңімен қалыптастыру, сондай-ақ табиғи ландшафтты сақтау мәселелері жан-жақты қаралды. Жоспар жобасына қатысты бірқатар ұсыныстар айтылып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
 
✅ Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов жобаның сапалы әрі уақытылы іске асырылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін беретінін атап өтті.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1150497?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді