
Іс-шара барысында тұрғындарға аулалар мен көпқабатты үйлер аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, бөтен адамдарға сақ болу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрмыстық ұрлықтың алдын алу жолдары туралы кеңінен ақпарат берілді.
Сонымен қатар, тұрғындарға күмәнді жағдайлар туындаған кезде құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарласудың маңыздылығы түсіндіріліп, қауіпсіз орта қалыптастыру – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екені атап өтілді.
Мұндай профилактикалық шаралар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және елді мекендерде қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған. Қауіпсіз аула – қауіпсіз қоғамның кепілі! 👮♂️
https://www.instagram.com/mangystau_polisia_bolimi/reel/DULQuxKCYvc/
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1152217?lang=kk

Жауап қалдыру