2026 жылдың 29 қаңтар күні Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында облыстық “Қарлы қыс 2026» қысқы ауыл спартакиадасының аудандық іріктеу кезеңі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Спортшылар жас ерекшеліктері бойынша қатысты:
– 16-18 жас (ұл-қыз)
– 21-27 жас (әйел, ер)
– 28-39 жас (әйел, ер)
– 40 жас және одан үлкендер (әйел, ер)

Жекелей сында:
– мылтық ату (ұлдар, әйелдер)
– кермеге тартылу (ерлер)
– кеудені жерден көтеру (әйелдер)
– шаңғы эстафетасы бағдарламасы бойынша сынға түсті.

Аудандық іріктеуге Ақсу-Аюлы а.о, Ақадыр кенті, Ақжал кенті, Тағылы а.о, Төменгі Қайрақты а.о, Киікті а.о, Босаға а.о, Өспен а.о, Талды а.о, Нұраталды а.о , Ақшоқы келген 70-ке жуық спортшылар қатысып, тартысты жарыс көрсетті.

Командалық есеп бойынша:
– Ақадыр кенті – І орын
– ⁠Төменгі Қайрақты а.о. + Тағылы а.о – ІІ орын
– Киікті а.о – ІІІ орынға ие болды.

Іріктеуден жеңімпаз болған спортшылар Қарағанды қаласында өтетін облыстық “Қарлы қыс 2026” қысқы спартакиадасында Шет ауданының намысын қорғайтын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1152614?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді