Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮРКІСТАН: «ДАРБАЗА – МАҚТААРАЛ» ТЕМІРЖОЛ ЖЕЛІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАРЫСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ЖОСПАРЛАР ПЫСЫҚТАЛДЫ
▪️Түркістан облысында стратегиялық маңызы бар «Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы» жобасы іске асырылуда. Жобаны толық іске қосу 2026 жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Құрылыс алаңында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қатаң бақылауға алынған. Жобаның құрылысын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тапсырысымен «Integra Construction KZ» ЖШС жүргізіп жатыр.
▪️Осыған байланысты Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның құрылыс жөніндегі басқарушы директоры Марат Исқалиевпен және жобаны іске асырушы «Integra Construction KZ» ЖШС өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында жобаны жүзеге асырудың қазіргі жай-күйі баяндалып, құрылыс барысындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары жан-жақты талқыланды.
▪️Облыс әкімі жауапты тұлғаларға құрылыс жұмыстарын жеделдетіп, тапсырмаларды белгіленген мерзімде әрі сапалы орындауды қатаң тапсырды.
📌– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтайдың V отырысында «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтау жөнінде нақты тапсырма берген. Сондықтан барлық жауапты мекемелер мен мердігер ұйымдар жұмысты жеделдетіп, белгіленген мерзімде толық аяқтауы қажет. Бұл – өңірдің транзиттік әлеуетін арттырып, экономикалық дамуына серпін беретін маңызды жоба. Аудандардағы станциялардың сәулетін қайта қарап шығып, шығыс үлгісінде ұсынуды тапсырамын, – деді Нұралхан Оралбайұлы.
▪️Жиында «ҚТЖ» ҰК АҚ құрылыс жөніндегі басқарушы директоры Марат Исқалиев «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің құрылыс барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, жұмыс барысы қарқынды. Қазіргі уақытта аяқталған жер қазу жұмыстарының жалпы көлемі 9,1 млн текше метрді құрайды. 19,8 шақырымға рельсті шпал торы төселді. Сонымен қатар көпірлер мен өткелдер салу, су құбырларын жүргізу, жасанды құрылымдарды монтаждау жұмыстары қарқынды атқарылуда. Бұл жұмыстарға жалпы саны 560-ден астам адам мен 400-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған.
▪️Теміржол желісінің ұзындығы 172 шақырымды құрайды. Жаңа бағыт «Сарыағаш» өткізу пунктінің жүктемесін түсіріеді, сондай-ақ Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарын байланыстырады. Аталған бағыттың өткізу қабілетін едәуір арттырып, магистральдық көлік, кедендік және шекаралық инфрақұрылымның даму деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, жаңа өндірістердің ашылуына және қосымша жұмыс орындарының құрылуына ықпал етеді.
▪️Жобаның негізгі мақсаты – «Дарбаза – Мақтаарал» жаңа теміржол желісі арқылы жүк және жолаушылар тасымалының көлемін арттыру, транзиттік тасымалдарды ашу, жаңа бағыттарды іске қосу, сондай-ақ Түркістан – Шымкент – Ташкент учаскесіндегі өткізу қабілетін тәулігіне 35 жұп поезға дейін ұлғайту.
▪️Жиын барысында Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілеген, Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Жетісай аудандарының әкімдері жобаны қысқа мерзімде жүзеге асыру үшін жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына алу рәсімдерін жүргізу, сондай-ақ жер телімдерін сатып алу жұмыстары туралы ақпарат берді.
▪️Айта кетейік, Түркістан облысында Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол жобасын жүзеге асырылуда. Жобаға 2025 жылдың соңында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
__________
ТУРКЕСТАН: ОБСУЖДЕНЫ ПЛАНЫ И ТЕКУЩИЕ ВОПРОСЫ СТРОИТЕЛЬСТВА ЖЕЛЕЗНОДОРОЖНОЙ ЛИНИИ «ДАРБАЗА – МАКТААРАЛ»
▪️ В Туркестанской области реализуется стратегически важный проект «Строительство железнодорожной линии Дарбаза – Мактаарал». Полный запуск проекта запланирован на декабрь 2026 года. Ход работ на строительной площадке находится под строгим контролем. Строительство объекта по заказу АО «НК «Қазақстан темір жолы» ведет ТОО «Integra Construction KZ».
▪️ В связи с этим аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров встретился с управляющим директором по строительству АО «НК «КТЖ» Маратом Искалиевым и представителями компании-исполнителя ТОО «Integra Construction KZ». В ходе встречи было доложено о текущем состоянии реализации проекта, детально обсуждены актуальные вопросы и пути их решения.
▪️ Аким области строго поручил ответственным лицам ускорить темпы строительных работ, обеспечить качественное выполнение задач в установленные сроки.
📌 — На V заседании Национального курултая Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев дал конкретное поручение завершить строительство железнодорожной линии «Дарбаза – Мактаарал» до конца текущего года. Поэтому всем ответственным учреждениям и подрядным организациям необходимо активизировать работу. Это важный проект, который повысит транзитный потенциал региона и даст импульс экономическому развитию. Поручаю пересмотреть архитектурный облик станций в районах и представить их проекты в восточном стиле, — сказал Нуралхан Оралбаевич.
▪️ На совещании Марат Искалиев доложил о ходе строительства. По его словам, работа ведется интенсивно. На данный момент общий объем завершенных земляных работ составляет 9,1 млн кубометров. Уложено 19,8 км рельсошпальной решетки. Также активно ведутся работы по возведению мостов и путепроводов, прокладке водопропускных труб и монтажу искусственных сооружений. Всего в работах задействовано более 560 человек и около 400 единиц спецтехники.
▪️ Протяженность железнодорожной линии составляет 172 километра. Новое направление позволит разгрузить пункт пропуска «Сарыагаш», а также свяжет Сарыагашский, Келесский, Жетысайский, Мактааральский и Шардаринский районы. Это значительно увеличит пропускную способность данного направления и поднимет уровень развития магистральной транспортной, таможенной и пограничной инфраструктуры. Кроме того, проект даст импульс социально-экономическому развитию области, будет способствовать открытию новых производств и созданию дополнительных рабочих мест.
▪️ Основная цель проекта – увеличение объемов грузовых и пассажирских перевозок через новую линию «Дарбаза – Мактаарал», открытие транзитных маршрутов, запуск новых направлений, а также увеличение пропускной способности на участке Туркестан – Шымкент – Ташкент до 35 пар поездов в сутки.
▪️ В ходе совещания руководитель областного управления земельных отношений Ергали Тлегенов, акимы Сарыагашского, Келесского, Мактааральского и Жетысайского районов предоставили информацию о проведении процедур изъятия земельных участков для государственных нужд и работе по выкупу земель для реализации проекта в кратчайшие сроки.
▪️ Стоит отметить, что проект железной дороги «Дарбаза – Мактаарал» реализуется в соответствии с Посланием Главы государства народу Казахстана от 1 сентября 2023 года «Экономический курс Справедливого Казахстана». В конце 2025 года на проект было получено положительное заключение государственной экспертизы.
Пресс-служба акима Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1152552?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді