АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Отырар ауданы көлемінде «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Аталған іс-шара 2026 жылдың қаңтар айының 26-30 күндері аралығында өткізіледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп, борышкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу, азаматтардың заң алдындағы жауапкершілігін арттыру және айыппұлды өз еркімен төлеу мәдениетін қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 893 бабына сәйкес, әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды қаулы заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс. Төленбеген жағдайда осы Кодекстің 894 бабына сәйкес, айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлі түрде орындату мақсатында сот орындаушыларына жолданады.
Айыппұлды уақытында төлемеген жағдайда қосымша санкциялар қолданылуы мүмкін.
Осы орайда айыппұлды заңда қарастырылған 50 % жеңілдікпен жеті тәулікте төлеуге немесе бір ай мерзімінен кешіктермей төлеулеріңізді сұраймыз.
Құрметті аудан тұрғындары, айыппұлдар бойынша қосымша мәліметтерді Отырар аудандық полиция бөлімінің Әкімшілік полиция бөлімшесінен білуге болатынын хабарлаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1152870?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді