БҮГІН АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысы мәслихатының төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Шалқар Байбеков облыстық мәслихат депутаттары, аудан және қала мәслихаттарының төрағаларымен кездесу өткізді.

Кездесу Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан Конституциялық реформа аясында ұйымдастырылып, жаңа Конституция жобасының мазмұны мен негізгі бағыттарын талқылауға арналды.

Шалқар Байбеков Конституциялық комиссияның жұмысы барысында қолданыстағы Конституцияның елеулі бөлігі қайта қаралғанын, соның нәтижесінде Ата Заңның жаңа редакциясын әзірлеу туралы шешім қабылданғанын атап өтті. Жаңа жоба ашық форматта дайындалып, азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен екі мыңнан астам ұсыныс негізінде қалыптастырылған.

Оның айтуынша, құжат құқықтық нормалармен қатар, құндылықтық тұрғыдан да жаңартылған. Адам құқықтарының басымдығы күшейтіліп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері кеңейтіледі. Сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесіндегі өкілеттіктер мен жауапкершілік нақты айқындалады.

Жиын қорытындысында Конституциялық реформаны іске асыруда өкілді органдардың жүйелі әрі үйлесімді жұмыс жүргізуінің маңыздылығы атап өтіліп, бұл бағыттағы талқылауларды өңірлік деңгейде жалғастыру ұсынылд

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagosmaslihat/press/news/details/1153009?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді