Астанада қар күреу жұмысы жалғасып жатыр: 1 300-ден астам арнайы техника жұмылдырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада толассыз қар жаууына байланысты қаланың коммуналдық қызметтері қар күреу жұмысын күшейтілген тәулік бойғы режимде жүргізіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

2 ақпан күні коммуналдық қызметтер арнайы қар полигонына 1 403 жүк көлігімен 22 мың текше метрден астам қар шығарды.

Бүгін түнгі ауысымда қар күреу жұмысына 1 300-ге жуық арнайы техника және шамамен 300 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Ең алдымен негізгі көшелер мен қоғамдық көлік жолдары тазаланады, содан кейін – аулалар, тротуарлар және аялдамалар.

Қыс мезгілі басталғалы бері қаладан 246 096 рейс арқылы 3,4 млн текше метрден астам қар шығарылды.
«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, алдағы күндері Астанада қарлы ауа райы сақталады: қар, боран, тұман және көктайғақ болуы мүмкін.

Әкімдік тұрғындарға жолда абай болуды және мүмкіндігінше алыс жолға шықпауды ұсынады.
Шұғыл жағдайларда 112 нөміріне хабарласу қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1153152?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді