
Ақсу қаласының білім беру бөлімі №7 орта мектеп базасында жас педагогтердің кәсіби дамуын қолдауға бағытталған «Білім сапасын арттыру: жас мұғалімнің тиімді стратегиялары» атты қалалық семинар ұйымдастырды.
Іс-шара ұстаздық жолын енді бастаған мамандарға әдістемелік қолдау көрсетіп, тәжірибелі әріптестердің озық тәжірибесін меңгеруге мүмкіндік берді. Семинар барысында тәжірибелі педагогтер жас мұғалімдерге арналған шеберлік сыныптарын өткізді. Оқытудың тиімді әдістері, сабақ жоспарын құру, оқушылармен кері байланыс орнату жолдары бойынша практикалық кеңестер берілді.
Ашық сабақтар мен практикалық жаттығуларда заманауи педагогикалық тәсілдер көрсетіліп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты жауап алды. Қорытынды кезеңде «Әдістемелік микрофон» атты рефлексия ұйымдастырылып, қатысушылар бірлесіп шешім іздеудің және тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.
Мұндай семинарлар жас педагогтердің кәсіби сенімін арттырып, шығармашылық ізденіске жол ашып, болашақта сапалы білім беру қызметін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1153151?lang=kk

Жауап қалдыру